Текст песни Мұхаммеджан Тазабеков — Ай қазағым қайда барасың…., слова из песни.

Жігітті жастық шақта еркі жеңер,
Сеніммен ұсталмаса сертің егер.
Аллаға құл адамға ұл болу ғой
Намазға кеп түйіссе тең тізелер .
Ақын намаз оқыса хақты танып,
Алдымен аузындағы сөз түзелер.
Он күнәнің тоғызы тілден екен,
Сөз түзелсе иншалла ел түзелер.

Қазаққа иман, иба қайтып келер,
Табансыз емес елім тайқып берер.
Иманды елге жұртымыз айналар ма,
Шіреніп жүрген кезде шалқып нелер.
Құдайдан қорықпайтын болды көп ел,
Жаратса да құлым деп артық көрер.
Алла діні ұстаның заты емес қой,
Ұнамаса өзіне қайтып берер.

Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық,
Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық.
Түбім түрік, ал дінім хақ ислам,
Солай қарай сеніммен аттанайық.
Харам менен халалды ажыратпай,
Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық.
Бұрынғының ұраны Аллаһу акбар,
Бүгінгінің ұраны ап қояйық.

Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз -
Адасып айдалада жүрген көшпіз.
Арабтың тіліндегі дінмен емес -
Арақтың түбіндегі жынмен доспыз.
Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр,
Ұрылардың үлкені мінбеде жүр.
Байланысып шекпенді шенеунікпен,
Кісі өлтірген бұл күні кірмеде жүр.
Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес,
Ібілістің үлкені іргеде жүр.

Өмірде аз болған соң иманды шақ,
Қазағым қай кезде де қиналғыш-ақ.
Исламға иіс алмас болса-дағы,
Иегова, кришнаидке иланғыш–ақ.
Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп,
Исаны құдай көрген Иван құсап.
Өзге дінге көбейсе өтушілер,
Сол болар тамырыңды қиған пышақ.
Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып,
Екі дінге бөлінген Ливан құсап.

Ислам дін емес қой қорек қылмас,
Қазақтан ол ешқашан бөлек тұрмас.
Құдайды ойлап көрмеген құрметсіздер,
Оны ойлап өз халқына себеп қылмас.
Қазанның қайнағанын аңдитындар,
Азанның айдағанын керек қылмас.

Имансыз бұл қоғамда не істелмей жүр,
Ақша, пара қалғанын көзге ілмей жүр.
Пайдасы өз басынан аспайтындар,
Халықтың көз жасынан сескенбей жүр.
Бесіктен текті болып өспегендер,
Бес күндік екеніне дес бермей жүр.
Құранды сыйға тартсаң алмайтындар,
Құдайдың бар екенін ескермей жүр.

Өзгелер көп жүргізер үстемді елге,
Аллаға ғибадат аз істелгенде.
Бұл қазаққа ислам, имам керек -
Кісі өлгенде немесе түс көргенде.
Неге ілім білімге талпынбайды,
Бәрін біліп туғандай іштен пенде.
Ертең бірақ өкініп қаламыз–ау
Қарттық келіп қасыңа түстенгенде.
Ажардан нұр базардан құның кетіп,
Ажалдан адуынды күш келгенде.

Адамның таза болса ой дәптері,
Ақылға ақиқат дін қонбақ тегі.
Бір кезде Тұрғыт Өзал намазға кеп,
Тұрғанда ел көңілі толмап па еді.
Кеш





Краткое описание

Песня «Ай қазағым қайда барасың» Мұхаммеджана Тазабекова является призывом к вере и молитве. В тексте песни затрагиваются темы веры в Аллаха, смирения пере Ним и значимости исполнения намаза. Автор подчеркивает, что вера в Аллаха должна быть искренней и не должна быть просто внешним обрядом. Также в песне отмечается, что истинная вера несовместима с поклонением другим богам или богиням, таким как Иегова и Кришна.

Текст песни также подчеркивает важность сохранения казахской культуры и национальных традиций. Автор отмечает, что казахи не должны забывать свои корни и не должны принимать другие религии и культуры. Он утверждает, что ислам является их истинной религией, а другие динам несовместимы с казахской национальностью.

В песне также присутствует критика тех, кто не исповедует веру и не следует религиозным предписаниям. Автор отмечает, что люди без веры не заботятся о духовности и предпочитают материальные ценности и богатство. Он также упрекает тех, кто не придает значени нравственным ценностям и не призает силу великого Аллаха.

Песня «Ай қазағым қайда барасың» является своеобразным призывом к вере и национальной идентичности. Она подчеркивает важность исполнения религиозных обрядов и сохранения казахской культуры. Весь текст наполнен глубокими религиозными и культурными сиволами, которые призывают слушателя задуматься о своей вере и национальной идентичности.



Текст добавил: Андрей Курышев